Биылғы жылдың үшінші тоқсанында Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті ғалымдарының 2 монографиясы жарық көрді.

Атап айтқанда, олардың қатарында Тарих және шетел тілдері институтының оқытушысы Р. Садықованың «Абай жолы» романының парсы тілі аудармасындағы түр-түс атауларының берілуі» мен Жаратылыстану институтынан Ғ. Медеуова, К. Жайлыбай, Б. Кенбаев пен А. Сағындықова сынды авторлар тобының «Арпа, сұлы, тары» атты ғылыми еңбектері бар.

Баспасөз және қоғаммен байланыс бөлімі