Ғылыми зерттеу жұмысы бойынша оқытушылар рейтингі шықты



    • Ғылыми зерттеу жұмысы бойынша оқытушылар рейтингі шықты

      Ғылыми зерттеу жұмысы бойынша Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті оқытушыларының ағымдағы жылдың үшінші тоқсанындағы рейтингісі жарияланды.

      Сараптама нәтижесі:

      1-орын – Б. Қасқатаева, Математика кафедрасының оқытушысы (83 балл);

      2-орын – Н. Сәндібаева,  Физика кафедрасының қауымдастырылған профессоры (80 балл);

      3-орын – Т. Мырзақұл, Физика кафедрасының оқытушысы (75 балл).

      Рейтинг бағалауына 127 оқытушы қатысып, қорытындысы 13 көрсеткіш бойынша шығарылды. Олардың қатарында ғылыми бағыт бойынша атқарылған жұмыс, индекстелетін журналдар мен ғылыми басылымдардағы жарияланым саны, қорғауға алынған құжаттар, стартап жобаларды жүзеге асыру сынды басым бағыттар бар.

      Баспасөз және қоғаммен байланыс бөлімі

      Бөлісу: