Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің ректоры Гаухар Алдамбергенова Еуразия ғылыми-зерттеу институтының директоры Вакур Сүмермен кездесті.

Кездесу барысында тараптар өзара әріптестік байланысты арттыруға маңыз беріп, ынтымақтастықты дамытуға уағдаласты.

Сондай-ақ Қыздар университетінің түркиялық жоғары оқу орындарымен  қарым-қатынасының маңыздылығы да айтылды.

Айта кетейік, Еуразия ғылыми-зерттеу институты түркі тілдес мемлекеттер мен қауымдастықтарға қатысты тың зерттеулер жүргізіп, стратегиялық ұсыныстар әзірлейді. Бүгінде ұйым бірнеше ғылым саласы бойынша халықаралық деңгейдегі орталықтардың бірі.

Баспасөз және қоғаммен байланыс бөлімі