Университетте 15-ке жуық студенттік ұйым жұмыс істейді



    • Университетте 15-ке жуық студенттік ұйым жұмыс істейді

      Бүгінде Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде 15-ке жуық студенттік ұйым бар. Оларға 3 мыңнан астам білім алушы мүше.

      Студенттік өзін-өзі басқару органдары мен жастар ұйымдарының басты мақсаты – жастар арасында азаматтық-патриоттық және құқықтық тәрбиені қалыптастыру, студенттік өзін-өзі басқаруды дамыту, ұлттық құндылықтарды ұлықтау, білімгерлерді әлеуметтік қолдау, салауатты өмір салтын насихаттау.

      Ұйымдардың ұйытқы болуымен жыл сайын білім, ғылым, өнер және спорт бағыттарындағы сайыстар тұрақты өткізіліп тұрады.

      Баспасөз және қоғаммен байланыс бөлімі

      Бөлісу: