«UstazTalk» жобасы аясындағы кездесу өтеді



    • «UstazTalk» жобасы аясындағы кездесу өтеді

      Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде бастау алған «UstazTalk» жобасы аясындағы екінші кездесу 9 қазан күні сағат 19:00-де өтеді.

      Zoom платформасында ұйымдастырылатын шараның қонағы – ағылшын тілі пәнінің мұғалімі, «USTAZ Professional Learning Centre» орталығының директоры Нұрлан Иманғалиев.

      «Ғажайып мұғалімдер деген кім және олар қайда тұрады?» тақырыбында өтетін жиында фин мектебінің тағылымдамасы мен педагогтардың біліктілігін арттыру курстары жан-жақты сөз болмақ. Сонымен қатар мұғалімдердің цифрлық сауаттылығын жетілдіру, онлайн оқыту тәсілдері сынды мәселелер де талқыланады.

      Тіркелу үшін мына сілтемеге өтіңіз:

      https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLScVFYbbKG-1U9bCBCZg3Uhx9kKJSRx5UKQhLfpludymD-A5vg/viewform?usp=sf_link

      Баспасөз және қоғаммен байланыс бөлімі

      Бөлісу: