Университеттің оқу үдерісі практикаға бағытталған
-
07 қазан, 2020
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің барлық білім беру бағдарламалары тәжірибеге бағытталған.
Өткен оқу жылынан бастап практика 1 курстан бастап 4 курсқа дейін теориялық оқумен қатар үздіксіз жүргізіледі. Бұл өз кезегінде болашақ мамандардың теория мен тәжірибені ұтымды үйлестіріп, біліктілігін арттыруға зор серпін бермек.
Былтырдан бастап білім беру бағдарламаларының мазмұнына практикаға бағдарланған пәндердің 75 пайызы енгізіліп, кәсіптік практикаға бөлінген кредиттер саны 21-ден 26-ға дейін ұлғайтылды.
Тәжірибеге бағытталған пәндерді енгізу дуалды оқыту технологиясымен қатар қолданылады. Бұл бастаманы жүзеге асыру үшін бірқатар ұйымдармен келісімшарт жасалды.
Баспасөз және қоғаммен байланыс бөлімі
Бөлісу: