100-ден астам жұмыс берушімен ынтымақтастық орнатылды



    • 100-ден астам жұмыс берушімен ынтымақтастық орнатылды

      Былтырдан бастап Қазақстанның жоғары оқу орындарына берілген академиялық еркіндік аясында Қыздар университеті жұмыс берушілермен белсенді ынтымақтастық орнатты.

      Атап айтқанда, 100-ден астам жұмыс беруші оқу орнының білім беру бағдарламаларын жобалау мен жетілдіру жұмыстарына қатысып, еңбек нарығының сұранысы және қазіргі талаптардың сәйкестігін айқындады.

      Сарапшылар мен стейкхолдерлердің пікірін ескере отырып, жаңа білім беру бағдарламалары әзірленіп, олар Білім және ғылым министрлігінің тізіміне енгізілді.

      Жұмыс берушілер қатарында Алматы қаласы мен аймақтық Білім басқармалары, Назарбаев Зияткерлік мектептері және өзге де білім беру мекемелері бар.

      Баспасөз және қоғаммен байланыс бөлімі

      Бөлісу: