Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті QS World University Rankings: Asia 2027 халықаралық рейтингінде айтарлықтай өсім көрсетіп, 791–800 тобына енді.

                                                                          

Бір жыл ішінде 280-нен астам позицияға жоғарылаған университет осылайша Азиядағы үздік 800 жоғары оқу орнының қатарына қосылды. Өткен жылы ЖОО 1079-орында болған. Жалпы рейтингілік балы 14,7-ден 23,1-ге дейін өсіп, Азия университеттерінің 53,7%-ынан жоғары нәтиже көрсетті. Былтыр бұл көрсеткіш 1,4% болған.

                                                                          

Рейтингтегі ең жоғары өсім академиялық ұтқырлық бағытында тіркелді. Шетелде академиялық алмасу бағдарламасымен білім алған студенттер саны 88-ден 259-ға дейін артып, университет осы көрсеткіш бойынша 112 позицияға жоғарылады. Сонымен қатар шетелдік оқытушылар саны 116-ға, шетелдік студенттер саны 338-ге жетті. Университетке академиялық алмасу бағдарламасымен келген студенттер саны да 4-тен 68-ге дейін өсті.

                                                                          

Оқытушылар мен студенттер арақатынасы көрсеткіші бойынша университет 68 позицияға жоғарылап, 418-орыннан 350-орынға көтерілді. Ғылыми дәрежесі бар оқытушылар саны 287-ден 676-ға дейін артып, олардың үлесі 69,4%-ды құрады. Академиялық бедел көрсеткіші 13,2-ден 17,1-ге, ал жұмыс берушілер арасындағы бедел көрсеткіші 17,1-ден 25,4-ке дейін өсті.

                                                                          

Ғылыми-зерттеу бағытындағы нәтижелер де оң динамика көрсетті. Соңғы бес жылда Scopus деректер базасындағы ғылыми жарияланымдар саны 307-ден 381-ге, ал оларға жасалған дәйексөздер саны 1 003-тен 1 573-ке дейін, яғни 57%-ға артты. Әсіресе жаратылыстану ғылымдары саласындағы дәйексөздер саны 74%-ға, инженерия және технологиялар бағытында 64%-ға, өмір туралы ғылымдар мен медицинада 62%-ға өсті.

                                                                         

Бұл жетістік – университеттің білім беру сапасын арттыру, ғылыми-зерттеу әлеуетін нығайту және халықаралық ынтымақтастықты кеңейту бағытындағы жүйелі жұмысының нәтижесі. Ортақ іске үлес қосып, университеттің халықаралық деңгейдегі беделін арттыруға атсалысып жүрген барша ұжым мүшелеріне алғыс білдіреміз!

#QyzPU #QSAsia2027 #QSRankings #Ғылым #Білім