Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде «Жаңа тарихи кезең: Жолдау міндеттері және заң мен тәртіп қағидаты» тақырыбында қоғамдық форум өтті.

                                                                          

Жиынға қалалық жастар саясаты басқармасының, прокуратура және полиция органдарының өкілдері, білім беру және денсаулық сақтау салаларының сарапшылары, сондай-ақ университет басшылығы мен студенттер қатысты.

                                                                          

Іс-шараның негізгі мақсаты – Мемлекет басшысының Жолдауында белгіленген міндеттерді талқылау, қоғамда «Заң мен тәртіп» қағидатын нығайту, жастардың құқықтық сауаттылығы мен азаматтық жауапкершілігін арттыру.

                                                                         

Форум барысында интернет-алаяқтық пен есірткі қылмысының алдын алу, цифрлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, білім беру ортасында құқықтық мәдениетті дамыту мәселелері кеңінен талқыланды.

                                                                          

Сондай-ақ жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған «Azamat» жобасы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік бастамалар мен «Әділет» жастар қозғалысының қызметі таныстырылды. Қатысушылар сала мамандарына сұрақтарын қойып, өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.

Форум жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға, азаматтық жауапкершілігін арттыруға және мемлекеттік органдар мен білім беру ұйымдары арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға бағытталды.