Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Педагогика және психология факультетінде Әзербайжан Республикасының әйелдер делегациясымен ресми кездесу өтті.

                                                             

Жиынға балаларды қорғау, гендерлік теңдік, әлеуметтік даму және психология саласының халықаралық сарапшыларынан құралған меймандар, факультет басшылығы, профессор-оқытушылар құрамы мен студенттер қатысты.Жиында сөз алған «Үмітке толы болашақ» қоғамдық бірлестігінің төрайымы, бала құқықтары жөніндегі ұлттық кеңесші Кямали Ашумова: «Екі ел арасында балаларды қорғау мен инклюзивті қоғамды дамыту бағытында тәжірибе алмасу – ортақ мақсаттарға жетудің маңызды қадамы», – деп атап өтті.

                                                            

Аталған ұйым Әзербайжанда 27 жылдан бері балалар мен әйелдердің құқығын қорғау бағытында жұмыс істеп келеді. Олар Ішкі істер министрлігі, БҰҰ Балалар қоры (UNICEF) және өзге де халықаралық ұйымдармен серіктестікте «Балаларға арналған сенім телефонын» (116111), заң бұзушылыққа барған немесе зоралық-зомбылықтан зардап шеккен балаларға арналған Әлеуметтік реабилитация орталықтарын жүзеге асырған.

                                                            

Дөңгелек үстелде инклюзивті білім беруді дамыту, бірлескен ғылыми жобаларды жүзеге асыру, озық әдістемелерді енгізу және ғылыми әзірлемелерді өндіріске енгізу (коммерцияландыру) жолдары талқыланды. Әзербайжан тарапы ерекше қолдауды қажет ететін балаларды әлеуметтендіруге бағытталған «Tut Əlimdən» реабилитациялық жобасын таныстырып, факультет оқытушылары мен студенттерімен тәжірибе бөлісті.

                                                            

Кездесу аясында мәртебелі қонақтар университет инфрақұрылымымен танысып, Тарих музейін, кітапхананың кітап қорын, сондай-ақ факультеттің мамандандырылған оқу кабинеттері мен зертханаларын аралап көрді.

                                                            

Аталған халықаралық диалог БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарының (ТДМ) 4-бағыты – «Сапалы білім», 5-бағыты – «Гендерлік теңдік» және 17-бағыты  – «Тұрақты даму жолындағы серіктестік» басымдықтарын жүзеге асыруға бағытталған.