Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің студенттері Астанада өткен AI & Digital Bridge 2026 халықаралық форумы аясындағы  AI SANA жобалар көрмесіне қатысты.

Көрме барысында еліміздің жетекші университеттерінің студенттері AI SANA бағдарламасының 3-кезеңі аясында әзірлеп жатқан жобаларын ұсынды. Осы қатарда QyzPU-дың Физика, математика және цифрлық технологиялар факультетінің студенттері 20 AI-жобасын ұсынып, оның 5-еуін көрме алаңында арнайы таныстырды.

                                                                

Студенттердің AI-шешімдері білім беру, университеттік сервистер, инклюзивті білім беру, қаржылық сауаттылық, қауіпсіздік және кәсіби бағдар сияқты маңызды бағыттарды қамтиды. Жобалардың қатарында университет қызметтерін цифрландыруға арналған iHelpDesk, ақпараттық цифрлық аватар Avatar QyzPU, мектеп оқушыларына арналған Aqyl AI, ҰБТ-ға дайындыққа көмектесетін Zerde AI, инклюзивті білім беруге бағытталған IncluLearn AI, студенттердің қаржылық сауаттылығын арттыратын StepCash AI, әйелдер қауіпсіздігіне арналған AruSafe AI және кәсіби бағдар беретін NavIQ сияқты жобалар бар.

                                                                

Бұл жобалар студенттердің жасанды интеллектіні теориялық тұрғыда меңгеріп қана қоймай, оны нақты мәселелерді шешетін заманауи цифрлық өнімдерге айналдырып жатқанын көрсетеді.