1 қыркүйек – Білім күніне орай Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде өткен мерекелік жиында оқу орнының Басқарма Төрағасы – Ректоры Кәрімова Бейбіткүл Сәрсемханқызы PhD дәрежесін алған докторанттарға дипломдарын салтанатты түрде табыстады.

Университеттің Ғылыми кеңесінің шешімімен:
- Сабит Ботакөзге – «8D01502 - Информатика» білім беру бағдарламасы бойынша;
- Снабекова Марита Мурзабековнаға – «8D02301 – Филология» білім беру бағдарламасы бойынша;
- Акегожаева Рая Нурданқызына – «8D02301 – Филология» білім беру бағдарламасы бойынша Философия докторы (PhD) дәрежесі берілді.
Ректор жас ғалымдарды құттықтап, ғылым жолында табысты болуына тілектестік білдірді.
