Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде 1 қыркүйек – Білім күніне орай «Қош келдің, жас толқын!» атты салтанатты жиын өтті.

                                            

Жаңа оқу жылының басталуына арналған мерекелік шараға университеттің басшылық құрамы, профессор-оқытушылар, ардагер ұстаздар, бірінші курс студенттері мен олардың ата-аналары қатысты.

                                            

Шараның ашылуында университеттің Басқарма Төрағасы – Ректоры Бейбіткүл Кәрімова құттықтау сөз сөйлеп: «Жаңа оқу жылы – жаңа мүмкіндіктер мен үлкен белестердің бастауы.

                                             

Бүгінгі цифрландыру мен жасанды интеллект дәуірі білім жүйесіне жаңа талаптар қойып отыр. Университетке қадам басу – тек мамандық игеру емес, ел дамуына үлес қосатын белсенді тұлға болып қалыптасу», – деп атап өтті.

                                           

Сондай-ақ Студенттік ректор Роза Әсетқызы білім алушыларға ізгі тілегін білдірді.

                                           

Мерекелік шара «Томирис» би ансамблі мен «Айгүл» ансамблі ұсынған концерттік бағдарламамен жалғасты. Айта кетейік, биыл QyzPU-ға 5 мыңға жуық студент қабылданды. Олардың қатарында 730 «Алтын белгі» иегері, 815 үздік аттестат иегері және ҰБТ-дан 120-дан жоғары балл жинаған 418 білім алушы бар.