Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде жаңа оқу жылының қарсаңында кешенді тазалық, абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары жүргізілді. Экологиялық шараға университет басшылығы, профессор-оқытушылар құрамы мен әкімшілік қызметкерлер қатысты.

Сенбілік барысында ұжым мүшелері оқу корпустарының ішкі және сыртқы аумақтарын тазалап, гүлзарлар мен жасыл желектерді баптау жұмыстарын жүргізді.

Бұл бастама елдегі экологиялық мәдениетті қалыптастыру мен қоршаған ортаны қорғауды көздейтін «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында жүзеге асырылды. Шара тазалықты сақтаумен қатар, ұжым арасында табиғатқа ұқыпты қарау мен ортақ мекенге деген жауапкершілік құндылықтарын дәріптейді.

Сондай-ақ шара БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарына (ТДМ) сәйкес келеді. Атап айтқанда, «Сапалы білім» (4-мақсат), «Тұрақты қалалар мен елді мекендер» (11-мақсат) және «Құрлық экожүйелерін сақтау» (15-мақсат) бағыттарын қамтиды.

Мұндай экологиялық акциялар білім беру ұйымында таза әрі қауіпсіз орта қалыптастыруға мүмкіндік береді. Абаттандырылған кампус жаңа оқу жылында студенттер мен ұжым үшін жайлы білім алу кеңістігіне айналды.








