Республикалық пәндік олимпиада өтеді



    • Республикалық пәндік олимпиада өтеді

       АЛМАТЫ. 13 сәуір. Баспасөз орталығы – 4-5 мамыр аралығында Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде «Математика», «Математика-Физика» және «Математика-Информатика» пәндерінен республикалық олимпиада өтеді.

      Дәстүрлі білім сайысына Қазақстанның жоғары оқу орнының студенттері қатысып, өзара мықтыны анықтамақ.

      Осымен он екінші жыл қатарынан ұйымдастырылып келе жатқан олимпиаданың мақсаты – талантты және дарынды білім алушыларды анықтап, оларға қолдау көрсету, жастардың шығармашылық қабілеттерін ашу. Білім бәйгесі студенттер мен ғалымдардың қазіргі заманғы ғылыми мәселелерді бірлесе шешуге де ықпал етуді көздейді.

      Онлайн режімдегі олимпиада жеке және командалық түрде өткізіледі.

      Сайыс екі кезеңнен тұрады.

      Алғашқы айналымда білімгерлер Математика курсы бағдарламасы (элементарлы математика, математикалық талдау және аналитикалық геометрия пәндері) бойынша онлайн-тест тапсырады. Ал екінші турда жоғары оқу орындары курсының пәндері бойынша 5 тапсырманы орындайды.

      Екі кезең бойынша ең жоғары балл алған қатысушылар сайыс жеңімпазы болып табылады.

      Республикалық олимпиаданың ақпараттық хатын мына жерден жүктей аласыз.

      Баспасөз және қоғаммен байланыс бөлімі

      Байланыс телефоны: +7 727 237 00 07

      e-mail: kyzdaruniversity_press@gmail.com

        

      Бөлісу: