Филология институтының «Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасының 2-3 курс студенттері  Бауыржанқызы Аружан, Болат Нұрайым Ермекқызы,  Аханқызы Фариза, Сабеуханова Алуа Ардаққызы, Жұмағазина Айкүміс Серікқызы, Кеңесова Нұрайша Нұрланқызы, Кунхожаева Арайлым Рустемқызы, Бекболатова Динара, Хатепбай Аяулым Бахытжанқызы академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Түркия Республиксының, Кыршехир Ахи Евран университетінде білім алып жатыр.

Академиялық ұтқырлық бағдарламасының мақсаты –  қазақстандық жоғары білім сапасын халықаралық деңгейге шығару және оның бәсекеге қабілеттілігін күшейту.

Бағдарлама аясында студенттер халықаралық тәжірибе алмасып, кәсіби білімдері мен практикалық дағдыларын жетілдіру мүмкіндігіне ие болды. Олар оқу сабақтарымен қатар ғылыми іс-шараларға және студенттік бастамаларға қатысып, мәдени және академиялық ортада өзара тәжірибе алмасып жатыр.

 Университет алдағы уақытта да студенттердің жан-жақты дамуына бағытталған мүмкіндіктерді ұсына бермек.