«Жетістікке жеткен жастар» жобасы: Аян Тұрсын



    • «Жетістікке жеткен жастар» жобасы: Аян Тұрсын

       АЛМАТЫ. 16 ақпан. Баспасөз орталығы – Аян Тұрсын – Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Педагогика және психология жоғары мектебінің түлегі.

      Ол қандай жетістікке жетті?

      Аян Тұрсын  – 2018 жылы әуесқойлар арасында аралас жекпе-жектен өткен ММА версиясы бойынша VI Қазақстан чемпионатының алтын медаль иегері, ушу-сандадан екі дүркін және татамиден бес дүркін Қазақстан чемпионы.

      Оның өзге қандай табыстары бар?

      Аян Тұрсын 1994 жылғы 23 тамызда Алматы қаласында дүниеге келген. Аталған спорт түрімен 10 жылдан бері айналысып келеді. Қыздар университетінде «Дене шынықтыру және спорт» мамандығында білім алған жас спортшының қоржынында қазір 25 алтын, 16 күміс, 15 қола медаль бар. Атап айтқанда, А. Тұрсын әуесқойлар арасында аралас жекпе-жектен өткен ММА версиясы бойынша Азия чемпионатының күміс медаль иегері, ушу-сандадан екі дүркін ел чемпионы, татамиден бес дүркін Қазақстан чемпионы. Сонымен қатар, ол таэквондодан, ушудан және жекпе-жектен спорт шебері.

      Оның қандай мақсаты бар?

      – Ережесіз жекпе-жектен Әлем чемпонаты өтеді. Қазір сол жарысқа дайындық үстіндемін. Бұл тұрғыда маған сенім артып, жаттықтырып жүрген бапкерім Нұрлан Мамыралиевке үлкен алғысымды білдіргім келеді. Жеңіске жетуіме басты себепкер болған сол кісі. Болашақта әуесқой жекпе-жектен кәсіпқой түріне ауыссам деген ой бар. Әлем чемпионы атағына қол жеткізген жағдайда бапкерлікке кетемін. Болашақ жеңімпаздарды дайындау – басты арманым, – дейді Аян Тұрсын.

      Баспасөз және қоғаммен байланыс бөлімі

      Байланыс телефоны: +7 727 237 00 07

      e-mail: kyzdaruniversity_press@gmail.com 

      Бөлісу: