QyzPU-ға Алмалы ауданының әкімі Арман Нұржанұлы Шамшин келді



    • QyzPU-ға Алмалы ауданының әкімі Арман Нұржанұлы Шамшин келді

      Әкімді Басқарма Төрағасы – Ректор Гүлмира Қанай және университеттің Инфрақұрылымдық даму жөніндегі проректоры Еркін Шажаұлы Дүсіпов қарсы алды.

      Арман Нұржанұлы QyzPU қызметімен танысып, оқу ғимаратын аралады. Атап айтқанда, кітапхана, мәжіліс залы, бассейн, «Ақтұмар» музейі және Тұрақты даму орталығын аралап, қайта жөндеу жұмыстарына назар аударды.

      Ректор Гүлмира Қанай университеттің сыртқы көрінісін абаттандыру мәселесіне тоқталып, студенттердің жайлы атмосферада білім алуы үшін жасалатын жұмыстар туралы ақпарат берді

      Бөлісу: