QyzPU аға оқытушысы "Жас ғалым" жобасының жеңімпазы атанды



    • QyzPU аға оқытушысы

      QyzPU-дың аға оқытушысы Раиса Құдайбергенқызы Ізмағамбетова гранттық қаржыландыру бойынша ғылыми және ғылыми-техникалық жобаларды іске асыруға арналған "Жас ғалым" жобасының жеңімпазы атанды.

      Раиса Ізмағамбетованың "2024-2026 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар бойынша жас ғалымдарды гранттық қаржыландыру туралы Ұлттық ғылыми кеңестердің шешімдерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті төрағасының 2023 жылғы 10 мамырдағы № 65 бұйрығына сәйкес қаржыландырылатын жобасы “Елдің зияткерлік әлеуеті “Әлеуметтік, гуманитарлық ғылымдар және өнер”” басымдығына арналған ғылым бағыты бойынша әзірленген.

      Жобаның басымдығы Білім және ғылым саласындағы іргелі және қолданбалы зерттеулер, сондай-ақ жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің өзекті мәселелері болып табылады.

      Жобаның тақырыбы, ЖТН AP22684921, "Білім берудегі жасанды интеллект технологияларын интеграциялау негізінде болашақ мамандардың танымдық іс-əрекеттерін басқарудың контентін әзірлеу (ChatGPT мысалында)".

      Гранттық қаржыландырудың жалпы сомасы 30 000 000 (отыз миллион) теңгені құрайды.

      Раиса Құдайбергенқызын осы маңызды жетістігімен құттықтаймыз және Қазақстанда білім мен ғылымның дамуына маңызды үлес қосатын жобаны іске асыруда табыс тілейміз!

      Бөлісу: