QYZPU Ақтау қаласындағы жоғары білім көрмесіне қатысты



    • QYZPU Ақтау қаласындағы жоғары білім көрмесіне қатысты

      13-14 мамыр күндері Ақтау қаласында жоғары білім көрмесі өтті.

      Көрмеге  41 жоғары оқу орнының өкілдері қатысты және 3000-ға жуық Ақтау қаласының мектеп және колледж түлектері келді. Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің қабылдау және кәсіби бағдар беру бөлімінің мамандары Маңғыстау облысының түлектеріне нысаналы гранттар игеру мақсатында кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізді.

      Талапкерлерге білім беру бағдарламаларын түсіндіре отырып, қонақтар үшін ұтыс ойындары мен викториналар өткізді.  Жоғары білім көрмесіне келген түлектерге алғыс айтамыз!

      Баршаңызды QYZPU асыға күтеді!

      Бөлісу: