Ректор Гүлмира Қанай студенттерді халықаралық мерекесімен құттықтады



    • Ректор Гүлмира Қанай студенттерді халықаралық мерекесімен құттықтады

      Құрметті Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің студенттері!

      Университет ұжымы атынан және өзімнің атымнан сіздерді Халықаралық студенттер күнімен құттықтаймын! Бүгінгі мереке ерекше, өйткені білімге құштар, ғылым ойлап, ізденетін жастар – кез келген елдің тірегі, болашағы, үміті мен қуанышы.

      Студенттік жылдар – тек оқу ғана емес, өз-өзін тану, жаңа тұлға болып қалыптасып, үлкен жетістіктерге бастайтын ең алғашқы білім баспалдағы. Біздер сіздердің жетістіктеріңізді бүкіл елге жариялап, «бұл біздің Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің студенттері» деп кеудемізді керіп, мақтанышпен айтамыз. Сіздердің отыңыз біздерге өз педагогикалық қызметімізді мінсіз атқаруға күш береді!

      80 жылдық тарихы бар арулардың білім ордасынан алған ілімдеріңіз алдағы өмірлеріңізге ұлы жетістіктер мен абырой әкелсін! Кәсіби шыңдалып, еліміздің болашағына білімді жастар тәрбиелейтіндіктеріңізге біз сенімдіміз!

      Бүгінгі мерекелеріңіз құтты болсын, құрметті білім алушылар! Әр күндеріңіз қуанышқа толып, жастық шақтарыңыз мәнді-мағыналы болсын! Әрқашанда есте сақтаңыздар, сіздер – Қазақстанның болашағысыздар! Сіздердің жүректеріңіздегі мейірім әлемді жақсылыққа толтырады деп білеміз!

      Сіздерге деген зор құрметпен,

      Басқарма төрағасы – ректор

      Гүлмира Қанай

      Бөлісу: