Оңтүстік Корея кедейшіліктен қалай шықты?: Кореяның белгілі ғалымы QYZPU студенттерімен адам санасын өзгерту бойынша бірегей рецептісімен бөлісті



    • Оңтүстік Корея кедейшіліктен қалай шықты?: Кореяның белгілі ғалымы QYZPU студенттерімен адам санасын өзгерту бойынша бірегей рецептісімен бөлісті

      Танымал ғалым, Корея Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқару бағдарламаларын әзірлеуші, доктор Джо Гю Юн Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің студенттерімен Корея елінің санамен жұмыс жасау бойынша бірегей рецептісімен бөлісті. Атап айтқанда, құрметті профессор болашақ ұстаздарға өз елінің кедейшіліктен қалай шығып, әлемнің ең қарқынды және жаһандық елдерінің біріне қалай айналғандығы туралы айтып берді. Осы тұрғыда оның отандастарына санамен жұмыс көмектескен.

                                                                                  

      Осылайша Тэджон қаласындағы халықаралық зияткерлік білім беру институты филиалының директоры Джо Гю Юн студенттерге бірегей оқыту жүйесі - mind education-ды  таныстырды. Оның негізгі бағыты – адамгершілік, тәрбие, сананы таза ұстау. Халықаралық зияткерлік білім беру институты барлық жоғары оқу орындарына кәсіби кадрларды жүйелі даярлау үшін осы бірегей әдісті пайдалануды ұсынады. Себебі сол жағдайда ғана кез келген қиыншылыққа төтеп бере алатын буынды тәрбиелейміз деп сенеді. Бүгінгі таңда институт бүкіл әлем бойынша «mind education» пәнінің ашылуын қолдайтын бірқатар білім ордаларымен келісім-шарт жасаған. Алды сананы басқару туралы оқулықтарды да шығарып үлгерген екен.

                                                   

      – Корея экономикалық өрлеуге қалай қол жеткізді? Бәрі де адами ресурстың арқасында, себебі біздің жер қойнауымызда пайдалы қазбалар жоқ. Елдің болашағы – жастар. Сіздер Қазақстанның ең құнды ресурсы болып табыласыздар. Сіздердің әрқайсыңыз мықты күш, таусылмас қуаттың көзісіздер. Бірақ сіздердің ойлау қабілеттеріңізде өзгеріс болмайынша ештеңеге қол жеткізе алмайсыз, сіздердің үздік жоғары оқу орнын бітіргендеріңіз - бұл ең үздік екендеріңізді білдірмейді. Мен сіздердің қанаттарыңызды қағып, бүкіл әлемді әдемі ете алатындарыңызға сенімдімін. Сіздерге биіке мақсаттарға жетуге профессорлық-оқытушылық құрамыңыз көмектеседі. Сіз қазірдің өзінде Орталық Азияның үздіктерісіз, енді әлемдегі ең үздік атануға ұмтылыңыздар, - деп қорытындылады өз сөзін доктор Джо Гю Юн.

                                                   

      Студенттер доктор Джо Гю Юн-ға өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, белгілі ғалымнан мазмұны терең жауаптар алды.

                                                                                 

                                                                   

       

      Бөлісу: