Көкөністің өнімділігін арттыратын препарат ойлап тапқан жас ғалым диссертация қорғады
-
30 қазан, 2023
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің жас ғалымы Ақбота Қуандықова философия докторы дәрежесін алуға диссертация жазып, оны сәтті қорғап шықты.
Диссертацияның тақырыбы «Жаңа ацетиленқұрамды амидофосфаттардың синтезі, құрылысы, түрленуі және қасиеттері» болды. Жас ғалымның ғылыми кеңесшілері – химия ғылымдарының докторы, профессор Болат Джиембаев пен химия ғылымдарының докторы, профессор Александр Бурилов. Ал рецензенттері: ҚР ҰҒА академигі, химия ғылымдарының докторы, профессор, Органикалық синтез және көмір химиясы институтының бас ғылыми қызметкері Фазылов Серік Драхметович пен Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің физикалық химия, катализ және мұнай химиясы кафедрасының аға оқытушысы Құдайбергенов Нұрболат Жарылқасынұлы болды.
Естеріңізге салсақ, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің аға ғылыми қызметкері Ақбота Қуандықова көкөністен мол өнім алуға мүмкіндік беретін жаңа препаратты синтездеп алған болатын. Жас ғалымның жаңалығы ҚР Ұлттық зияткерлік меншік институтынан патентке ие болды.
Бөлісу: