"Визуалды өнер, көркем еңбек, графика және жобалау» мамандығы бойынша Республикалық студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары конкурсының ІІ кезеңінің қорытындысы



    • Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі, Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің 15.03.2023 жылғы 06-2/83-ВН хатына сәйкес 2023 жылдың 24 сәуірі «Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті» КеАҚ «6В01402 — Визуалды өнер, көркем еңбек, графика және жобалау» мамандығы бойынша Республикалық студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары конкурсының  ІІ кезеңі өтті.

       Конкурс қорытындысы бойынша келесі студенттер жүлделі орындарға ие болды:

      • 1 орын – Болатбек Аяжан Қайсарқызы («Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті» КеАҚ);

      Ғылыми жетекшісі: аға оқытушы, магистр Тоққұлиева Ұлбала Қосбайқызы

      • 2 орын – Мейірбек Жансая Мұхтарқызы («Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті»);

      Ғылыми жетекшісі: п.ғ.к., профессор ассистенті Манабаева Асыл Шангерееена

      • 2 орын – Алпысбаева Жансая Айдынқызы («Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті» КеАҚ);

      Ғылыми жетекшісі: п.ө.к., қауымдастырылған профессор Қрықбаева Сара Мукашевна

      • 3 орын – Әйтімов Ақтілеу Амантайұлы, Айтжан Мәлік Бауыржанұлы, Шымбаев Рахымжан Ғабитжанұлы («Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті» КеАҚ);

      Ғылыми жетекшісі: оқытушы, магистр Кемалова Гулжанат Балтабековна, п.ғ.к Кургамбеков Мергенбай Сейпілмаликович

      • 3 орын – Мұрат Алтынай Тұрғанбекқызы («Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университеті» КеАҚ);

      Ғылыми жетекшісі: қауымдастырылған профессор м.а., п.ғ.к. Джанаев Мият Баймекеевич

      • 3 орын – Байтанова Гулжазира Рахметжанқызы, Ғаббас Айкөркем («Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті» КеАҚ). 

      Ғылыми жетекшісі: оқытушы, магистр Кемалова Гулжанат Балтабековна, п.ғ.к Кургамбеков Мергенбай Сейпілмаликович

      Жеңімпаздарды құттықтаймыз және байқаудың барлық қатысушыларына алғыс білдіреміз, сонымен қатар, ғылым саласында шығармашылық табыстар тілейміз.

      Бөлісу: