Ғалымның еңбегі зерделенді
-
26 сәуір, 2023
Бүгін Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде Ғылым айы аясында ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор, қазақ ғылымына еңбегі сіңген қайраткер Зәки Ахметовтің туғанына 95 жыл толуына орай «Зәки Ахметовтің ғылыми мұрасы және қазақ әдебиетінің өзекті мәселелері» тақырыбында дәстүрлі халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция болып өтті.
Филология институты, қазақ әдебиеті кафедрасының ұйымдастыруымен өткен халықаралық конференцияны институт директоры Кунипа Ашинова ашып, құттықтау сөзді М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты директорының орынбасары Альмира Қалиеваға берді.
Конференцияның модераторлық тізгінін бағдарлама көшбасшысы, профессор м.а. филология ғылымдарының кандидаты Айнұр Көшекова алып, конференция қатысушыларын таныстырды.
Конференцияға шетелдік және отандық ғалымдар қатысып, Заки Ахметовтің шығармашылығы және зерттеулері хақында, жалпы қазақ әдебиетінің өзекті мәселелері туралы баяндамалар оқыды.
Атап айтсақ, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры, филология ғылымдарының кандидаты Жанғара Дәдебаев «Аса ірі ғұлама» тақырыбында және Жапония ғалымы, Цукуба университетінің профессоры Ниномиа Такаши Жапон-қазақ әдеби байланыстары жөнінде қазақ тілінде баяндама жасаса, Құрлық әскерлері институтының қауымдастырылған профессоры, PhD Жанат Бисенбаева онлайн байланысқа шығып, «Зәки Ахметов – о языке казахской поэзии» тақырыбында ағылшын тілінде өз баяндамасын оқыды.
Нигде Өмер Хелисдемир университетінің Түрік тілі мен әдебиеті кафедрасының PhD докторы Эрдиич Демирай «Зәки Ахметовты тану» тақырыбында өз баяндамасымен онлайн байланысқа шықты.
Сонымен қатар, ғылыми жиынға ғалымның ұлы, филология ғылымдарының кандидаты, философ ғалым Мұрат Зәкиұлы да келіп, әкесі жайлы сырларымен бөлісті. Әжінияз атындағы Нөкіс мемлекеттік педагогикалық институтының доценті, PhD Турсынай Торткулбаева қазақ-қарақалпақ әдебиеттануындағы ортақ мәселлер жайында онлайн баяндама жасады.
М.О.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтының бас ғылыми қызметкері, профессордың шәкірті Алимжан Хамраев «З.Ахметов наука о казахской литература» тақырыбында және аталмыш мекеменің жетекші ғылыми қызметкері PhD Е.Қуатбекұлы «Зәки Ахметов еңбектеріндегі өлең теориясы. Қазіргі қазақ поэзиясы», университетіміздің профессоры м.а., филология ғылымдарының кандидаты Руда Зайкенова «Қ.Ілиясұлы» З.Ахметов зерттеулерінде» тақырыптарында баяндамаларын оқып, Зәки Ахметов шығармашылығы мен өмірі жайлы құнды деректермен сусындатты.
Халықаралық жиынның екінші бөлімі : Профессор Зәки Ахметов зерттеулеріндегі әдебиеттану ғылымы, Зәки Ахметов және Абай әлемі, Қазақ тіл білімінің өзекті мәселелері, Жаңа заманғы білім беру форматы:әдістер жаңа идеялар, құндылықтар және иновациялар деп аталатын ауқымды секециялар төңірегінде өрбіді. Бір күн бойы өткен халықаралық іс-шара қорытындыланып, секция жетекшілерінің есебі беріліп, конференция қатысушыларына сертификаттар табысталды.
МЕДИА
Бөлісу: