Төсбелгі таққан ғалымдар
-
06 қаңтар, 2023
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі 2022 жылдың жұмыс қорытындысы бойынша ағымдағы жылда үздік нәтиже көрсеткен Университетіміздің қос ғалымын ғылым беру саласындағы ерекше еңбегі үшін «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төс белгісімен марпаттады.
Ғылым – адам өмірінің көптеген салаларында маңызды рөл атқаратынын білеміз. Ғылымның даму деңгейі қоғам дамуының негізгі көрсеткіштері болып табылады. Ал сол ғылымды дамыту жолында қызмет ететін ғалымдардың еңбегі зор. Біздің университетімізде де білікті де талантты ғалымдар мен профессор оқытушыларымыз жетерлік. Олардың есіл еңбегін ескерген министрлік арнайы төсбелгі мен алғыс хатын жолдады.
Атап айтсақ, химия ғылымдарының докторы, профессор Матаев Мұхаметқали Мұсағалиұлы химия ғылымының дамуына қосқан үлесі көлемді, көптеген оқу құралдары, оқулықтар, монографиялар және жүздеген ғылыми мақалалардың авторы. Ғылыми мақалалары әлемдік ғылыми базаларда жарияланған, атап өтетін болсақ; Scopus базасында һ-индекс-5, ал Web of science базасы бойынша һ-индекс-3. Сондай-ақ, бірнеше өнертабыс патенттері мен ғылыми жобалардың идея авторы. Мұхаметқали Мұсағалиұлы 1985 жылы Қарағанды мемлекеттік университетін химия пәнінің мұғалімі мамандығын алғаннан бастап, аталмыш салада 37 жыл еңбек етіп келеді. Зерттеу аясы:
-Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, Ғылым комитетінің ғылыми жобаларының жауапты ғылыми жетекшісі;
-Көпфункционалды магниттік материалдардың жаңа буынын синтездеу және физика-химиялық зерттеу;
-Мультиферроиктер класындағы жаңа кристалдық жүйелерді жасау және физикалық негіздері.
Зерттеу жобаларына тоқталсақ, 2018-2020 жылдары №АР05130165 «Мультиферроика класындағы жаңа кристалдық жүйелердің дамуы мен физикалық негіздері». - ҚР БҒМ
2015-2017 жылдары ГФ / 4 «Гранттық қаржыландыру. Көп функциялы магниттік материалдардың жаңа буындарының синтезі мен физико -химиялық зерттеулері ». - ҚР БҒМ
2020-2022 жылдары №AP08856422 «Көпфункционалды химиялық реагенттер кешенімен бірге гидродинамикалық деколматизация қондырғысын қолдана отырып, ұңғымалық уран өндірісін интенсивтендірудің инновациялық технологиясын әзірлеу». - ҚР БҒМ.
Екінші төс белгі иесі – Балтабаева Гаухар Саядыловна – әдебиеттанушы, филология ғылымдарының докторы. «2013 жылғы ЖОО-ның үздік оқытушысы» мемлекеттік грантының иегері, Қазақ Ұлттық әдет-ғұрып, салт-дәстүр академиясы мен Ресей Жаратылыстану Академиясының академигі. «Ы.Алтынсарин» атындағы төс белгімен, «Білім саласының үздігі» медалімен марапатталған.
1999 жылы «Қазіргі қазақ әңгімесі (1980-1990жж аралығы)» атты кандидаттық, 2010 жылы «Тәуелсіздік кезеңіндегі қазақ прозасы (әңгіме мен повестер)» атты тақырыпта докторлық диссцертациясын қорғаған.
Гаухар Сәяділқызының Прозалық туындылардағы әлеуметтік талдау, қазіргі қазақ повесі мен әңгімесіндегі жаңа көркемдік өрнектер мен айшықтарды: әлеуметтік символика, исламдық сарын, көкбөрі, ағаш тотемін қарастырып, алғаш рет Қазіргі қазақ прозасындағы көркем антропологиялық аспект, фантастикалық антропологияның көріністерін, қазіргі айшықты (орнаментальды) қазақ прозасы, қазақ әңгімесінің виртауалдық және мистикалық, метафоралық, гротескілік сипатын ғылыми айналымға түсірді.
500-ге жуық ғылыми-зерттеу еңбектің, оның ішінде 3 монография, 5 оқулық, 8 оқу құралының авторы және 3 авторлық құқықпен қорғалатын объектілері бар. Отызға жуық мақалалары шетелдік басылымдарда жарық көрді, оның ішінде үшеуі- Scopus базасында.
1999-2002 жылдары М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының іргелі ғылыми бағдарламасының зерттеу жұмысының және 2003-2005 жылдары «ХХ ғасырдың 60-90 жылдардағы қазақ әдебиеті әлемдік әдебиет дамуының контексінде» атты жобалық жұмыстардың белсенді авторы болды.
Мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасының 10 томдық «Қазақ әдебиеті тарихының» 9 томындағы «Сәкен Жүнісов», «Қалихан Ысқақов» тарауларының авторы. Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі, Ғылым комитеті «Шетелдердегі қазақ әдебиеті мен өнері» гранттық бағдарламасы бойынша М.О.Әуезов институтының 2020-2022 жылдары жүзеге асатын бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру аясында ғылыми, ғылыми-техникалық OR11465467 «Әдебиеттану және өнертану саласындағы қоғамдық сананы жаңғырту жағдайында жаңа гуманитарлық білімді қалыптастыру және инновациялық зерттеулер жүргізу: әлемдік тәжірибе және отандық практика» бағдарламасының «Қазiргi әдеби процестің даму тенденциялары» ғылыми-зерттеу жобасы бойынша «Қазіргі қазақ әңгімелерінің поэтикасы» деген тақырыпқа тарау жазған.
«Осы күнгі біздің көп мақтанышымыздың ең ірісі – ғылым» деген екен Мұхтар Әуезов. Расында біз өз ғалымдарымызбен мақтанамыз. Олар ашқан әрбір жаңалық елдің іргелі елдер қатарына қосылуына септігін тигізуде. Университет ұжымы атынан ғалымдарымызға арнаулы марапатымен шын жүректен құттықтап, ғылым жолындағы көптеген жетістіктерге жете беруіне тілектестік білдіреміз.
Бөлісу: