QyzPU маңызды меморандумға қол қойды
-
13 мамыр, 2022
АЛМАТЫ. 13 мамыр. Баспасөз орталығы. Орталық Азия ректорларының форумы аясында Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті мен Тәжік ұлттық университеті арасында ынтымақтастық меморандумына қол қойылды.
2022 жылғы 12-13 мамыр Алматы қаласында Орталық Азия елдері ректорларының Форумы болып өтті.
Форум жұмысына Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан Білім министрліктерінің өкілдері, Қазақстан мен Орталық Азия елдерінің жоғары оқу орындарының ректорлары, Microsoft, QS, Elsevier, Clarivate Analytics сияқты ірі ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ Еуропа Кеңесінің, Болон процесінің бақылау тобының (Bologna Follow-Up Group), Латвия академиялық ақпарат орталығының өкілдері қатысты.
Форумның мақсаты – Орталық Азия жоғары оқу орындарының өңірлік ынтымақтастығын кеңейту.
Форум аясында Біздің Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті де Қазақстан мен Тәжікстанның достық және сенімді қарым-қатынастарды, ынтымақтастықты дамытуға өзара ұмтлысына сәйкес және білім беру мен ғылыми зерттеулер саласында ортақ мақсаттарға ие бола отырып, ынтымақтастықтың мынадай негізгі қағидаттары туралы уағдаласты.
Тараптар бір-бірімен келесі бағыттар бойынша ынтымақтасуға келісті:
- бакалаврлар, магистранттар, PhD докторанттарымен алмасу;
- ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді тағылымдамадан өту үшін, оқытушылар және зерттеушілермен алмасу;
- Тараптар өкілдерін дәріс оқуға шақыру, сондай-ақ оқытушыларды тарту арқылы бірлесіп ғылыми-зертеуллер ұйымдастыру;
- PhD докторларына жетекшілік етуге Тараптардың оқытушы құрамынан тағайындау;
- бакалавриат пен магистратура деңгейінде қос дипломды білім беру бағдарламасын дайындау аясындағы ынтымақтастық орнату;
- өзара ортақ мүддені көздейтін салада жоғары білікті ғылыми педагогикалық кадрлар мен мамандарды даярлауда ынтымақтасу;
- оқу жоспарлары мен бағдарламалар, оқу-әдістемелік жұмыс, өткізілетін іс-шаралар туралы тәжірибе және ақпаратпен алмасу;
- білім және ғылым саласындағы біріккен конференциялар, семинарлар, симпозиумдар, дөңгелек үстелдер өткізу;
- ғылыми және білім беру жөнінде біріккен басылымдар ұйымдастыру;
- егер Тараптардың жарғылық міндеттеріне қайшы келмесе, Тараптар қызметкерлерінің кәсіби қайта даярлау мен біліктілігін арттыру;
Меморандум Тараптар қол қойған сәттен бастап өз күшіне енеді және 5 (бес) жыл мерзімінде іске асырылады және өзара келісім арқылы тағы да ұзақ мерзімге келісім шартты автоматты түрде созу қарастырылған.
Шетелдік әріптестермен жасалған мұндай маңызды меморандумдар кадрлар даярлау ісінде халықаралық стандарттарға сай тәжірибе алмасып, мол мүмкіншіліктер алуға көмектеседі.
Коммуникация және маркетинг департаменті
Байланыс телефоны: +7 727 237 00 05
e-mail: qyzdar_universitety@qyzpu.edu.kz
Бөлісу: