6В01203 — Мектепке дейінгі білім беру (IP)

  • 6В01203 — Мектепке дейінгі білім беру (IP)
    Университет коды: 025
    6В01203 — Мектепке дейінгі білім беру (IP)
    ҚАБЫЛДАУ КОМИССИЯСЫНА ӨТУ
    Сипаттама
    Құжаттар тізімі
    Бағдарлама паспорты

    Білім беру бағдарламасының мақсаты: Жалпы, педагогикалық және пәндік құзыреттіліктері бар, конструктивті үйлестіру және білім берудегі заманауи тенденциялар (тұлғалық-бағдарлы, пәнаралық, инклюзия және т.б.) негізінде кәсіби қызметті табысты жүзеге асыра алатын мектепке дейінгі тәрбиеші-педагогты дайындау. УНИВЕРСИТЕТ БАҒДАРЫ, МИССИЯСЫ, БАҒДАРЛАМАЛЫҚ МАҚСАТЫ, ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ, ТҮЛЕК АТТРИБУТТАРЫ

    Бағдары: Тез өзгеретін әлемде басқаруға қабілетті педагогтарды дамытатын зияткерлік платформа.
    Миссиясы: Білім беру саласында еліміздің және әлемнің игілігі үшін озық білім мен құндылықтарды жасай, дамыта және тарата алатын көшбасшы ұстаздарды қалыптастыру.

    Бағдарламалық мақсаты: Университет Орталық Азиядағы білім саласындағы оқытудың, оқудың және зерттеудің инновациялық әдістерінің, сондай-ақ ауыл мектептеріндегі білім беруді дамытудың хабына айналуды мақсат етеді. Құндылықтары: Толық адам тұлғасы, өз ісіне адалдық және қоршаған әлемге деген сүйіспеншілік.

    Білім беру бағдарламасының түрі

    Инновациялық бағдарлама (IP)

    Білім беру бағдарламасының атауы

    6В01203 Мектепке дейінгі білім беру

    Білім беру саласы

    6B01 Педагогикалық ғылымдар

    Даярлау бағыты

    6В012 Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту педагогикасы

    Білім беру бағдарламасының тобы

    В002 Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу

    Білім беру бағдарламасын әзірлеу бойынша топ:

    Жетекші университет:

    «А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті» КЕАҚ Қатысушы университеттер:

    «Ш.Уалиханов атындағы Көкшетау университеті» КЕАҚ

    «С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті» КЕАҚ

    «М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан» КЕАҚ

    «Павлодар педагогикалық университеті» КЕАҚ

    «М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті» КЕАҚ