6B02303 - Аударма ісі

  • 6B02303 - Аударма ісі
    Университет коды: 025
    6B02303 - Аударма ісі
    ҚАБЫЛДАУ КОМИССИЯСЫНА ӨТУ
    Сипаттама
    Бағдарлама паспорты
    Құжаттар тізімі

    Білім беру бағдарламасының мақсаты: Қазақстан мен Қытайдың жоғары білім беру жүйелерінің озық тәжірибелерін кіріктіру негізінде еңбек нарығы мен аударма қызметтері саласының қажеттіліктеріне сәйкес ағылшын және қытай тілдерінде кәсіби қызметті жүзеге асыра алатын, ауызша және жазбаша аударма, локализация және мәтіндерді постредакциялау бойынша кәсіби құзыреттерге ие, аударма ісі және мәдениетаралық коммуникация саласында жоғары білікті, бәсекеге қабілетті мамандар даярлау.

    Бағдары: Бағдарлама болашақ аудармашыларға кәсіби қызметтің интеграцияланған әдіснамалық негіздерін меңгертуге, аударматану, мәдениетаралық коммуникация, көптілді білім беру және заманауи аударма технологиялары салаларында кешенді даярлық қалыптастыруға бағытталған.

    Бағдарлама білім алушылардың кәсіби және шығармашылық әлеуетін дамытуға, зерттеушілік дағдыларын қалыптастыруға, қазақ, ағылшын және қытай тілдерінде кәсіби коммуникация жүргізу құзыреттерін жетілдіруге, сондай-ақ халықаралық еңбек нарығы талаптарына сәйкес бәсекеге қабілетті маман даярлауға мүмкіндік береді.

    Бағдарлама мазмұны жазбаша, ауызша және ілеспе аударма, мәдениетаралық коммуникация, аударма технологиялары (CAT құралдары, жасанды интеллект және постредакциялау), ғылыми-зерттеу және халықаралық тәжірибе компоненттерін қамти отырып, білім алушылардың кәсіби білімін одан әрі жетілдіру және өмір бойы білім алу қажеттілігін қалыптастырады.

    Миссиясы: Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті мен Ланьчжоу университетінің бірлескен қос дипломды білім беру бағдарламасының миссиясы - болашақ аудармашылардың іргелі тілдік, аударматану, мәдениетаралық және цифрлық құзыреттерін қалыптастыруға бағытталған сапалы халықаралық білім беру ортасын қамтамасыз ету, кәсіби және зерттеушілік қызметке қабілетті бәсекеге қабілетті мамандар даярлау.

    Бағдарламалық мақсаты: Қазақстан мен Қытай арасындағы білім беру және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты дамыту жағдайында еңбек нарығының сұранысына және жұмыс берушілердің талаптарына сәйкес келетін, ағылшын, қытай және қазақ тілдерін меңгерген, заманауи аударма технологияларын қолдана алатын, халықаралық кәсіби ортада қызмет етуге қабілетті аудармашылар даярлау.

    Құндылықтары:

    • Кәсібилік - сапалы білім мен кәсіби шеберлікке ұмтылу;
    • Адалдық - академиялық адалдық, этика және жауапкершілік қағидаларын ұстану;
    • Өз ісіне берілгендік - үздіксіз даму мен кәсіби жетілдіруге ұмтылу;
    • Мәдениетаралық өзара құрмет - Қазақстан және Қытай халықтарының мәдени құндылықтарын құрметтеу;
    • Инновация және цифрлық даму - заманауи аударма технологиялары мен цифрлық құралдарды тиімді қолдану;
    • Қоршаған әлемге қамқорлық - әлеуметтік жауапкершілік пен тұрақты даму қағидаларын қолдау.

    Білім беру бағдарламасының түрі: Ағымдағы

    Білім беру бағдарламасының атауы: 6B02303 Аударма ісі

    Білім беру саласы: 6В02- Өнер және гуманитарлық ғылымдар

    Даярлау бағыты: 6В023 -Тілдер және әдебиет

    Білім беру бағдарламасының тобы: В036-Аударма ісі