Директор блогы

  • Құрметті талапкерлер, білім алушылар, ата-аналар және әріптестер!

    • Колледжді және болашақ мамандықты таңдау – әр адамның өміріндегі маңызды әрі жауапты шешімдердің бірі. Сапалы білім адамның кәсіби өсуіне, мансаптық дамуына және тұлғалық әлеуетін толық жүзеге асыруына мүмкіндік береді.

      «Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті» КеАҚ құрамындағы Кәсіби білім беру колледжі – педагогикалық бағыттағы білікті, жауапты, шығармашыл және бәсекеге қабілетті мамандар даярлайтын білім ордасы.

      Колледжде білім алушылар заманауи талаптарға сай әзірленген білім беру бағдарламалары бойынша білім алады. Оқу үдерісінде теориялық білім мен практикалық даярлықты ұштастыруға, заманауи педагогикалық технологияларды меңгеруге, зерттеушілік және шығармашылық қабілеттерді дамытуға ерекше мән беріледі.

      Білім алушылар тәжірибелі оқытушылардың жетекшілігімен ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізіп, кәсіби байқауларға, жастар жобаларына, мәдени, спорттық және қоғамдық іс-шараларға белсенді қатысады. Колледжде әр студенттің қабілеті мен талантын ашуға, жан-жақты дамуына және кәсіби тұлға ретінде қалыптасуына қажетті жағдай жасалған.

      Колледж түлектері мемлекеттік және жекеменшік мектептерде, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында, халықаралық білім беру орталықтарында және басқа да білім беру мекемелерінде табысты еңбек етуде. Олардың кәсіби білімі, жаңашыл көзқарасы мен жауапкершілігі еңбек нарығында бәсекеге қабілетті болуына мүмкіндік береді.

       Колледж ұжымының басты мақсаты – сапалы білім беру, педагог мамандығының мәртебесін арттыру және қоғамның дамуына үлес қоса алатын кәсіби мамандарды даярлау.

      Табысты болашақ сапалы білім мен дұрыс таңдаудан басталады!

       

      Құрметпен,

      Кәсіби білім беру колледжінің директоры                                   Ақбөпе Қасымбекқызы