Құрметті әріптестер!

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының хатына сәйкес, университетіміздің ғылыми-зерттеу тәжірибесі бар оқытушылары мен ғалымдарын Қазақстан Республикасы Құрылтайының Цифрландыру, инновациялар және ғылым жөніндегі комитеті жанынан құрылған Ғылым жөніндегі сарапшылық кеңестің жұмысына қатысуға шақырамыз.

Кеңес аясында отандық ғылымды дамыту және осы саладағы заңнаманы жетілдіру мәселелері талқыланады. Сіздер ғылыми зерттеулерді қаржыландыру, ғылыми конкурстар мен сараптаманы ұйымдастыру, зерттеу инфрақұрылымын дамыту, ғылыми кадрларды даярлау мен қолдау, сондай-ақ зерттеу нәтижелерін коммерцияландыру және өндіріске енгізу бағыттары бойынша ұсыныс бере аласыздар.

Қатысу үшін өз зерттеу тәжірибелеріңізде кездескен нақты мәселені көрсетіп, оның ғылыми жұмысқа әсерін қысқаша негіздеп, шешу жолын ұсынуларыңыз қажет. Кеңес жұмысына қатысу мақсатында таңдалған бағыт пен көтерілетін мәселенің қысқаша сипаттамасын Ғылым департаментіне жолдауларыңызды сұраймыз.

Сонымен қатар ресми ұсынысты Қазақстан Республикасы Құрылтайының ресми сайтындағы «Қызмет» → «Сарапшылық кеңестер» бөлімі арқылы Цифрландыру, инновациялар және ғылым жөніндегі комитетті және тиісті бағытты таңдап жіберуге болады.