Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде отандық ғылымды дамыту мен зерттеушілік әлеуетті жаңа деңгейге көтеруге бағытталған постдокторантура бағдарламасы өз жұмысын бастады.

Биыл алғаш рет қолға алынған бұл бастама жоғары білікті ғылыми кадрларды қолдауға және университеттің зерттеу мәдениетін нығайтуға негізделген стратегиялық қадам.

Алғашқы лекте бағдарламаға үш зерттеуші қабылданды. Атап айтқанда, техника ғылымдарының кандидаты Әбдірақым Нақып «Жаратылыстану ғылымдары: химия», PhD Данагүл Мұқашева «Педагогикалық ғылымдар: биология» және PhD Сәуле Қуаныш «Жаратылыстану ғылымдары: математика» бағыттары бойынша ғылыми ізденістерін бастады.

Постдокторантура жас ғалымдарға іргелі зерттеулерін тереңдетуге, тың ғылыми нәтижелерге қол жеткізуге және халықаралық академиялық ынтымақтастықты кеңейтуге мүмкіндік береді.

Университет ұжымы постдокторанттарға сәттілік пен жаңа ғылыми жетістіктер тілейді!