«Ер есімі – ел есінде»
-
06 мамыр, 2022
АЛМАТЫ. 6 мамыр. Баспасөз орталығы – Осындай атаумен Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде Ұлы Жеңістің 77 жылдығына орай мерекелік іс-шара болып өтті.
Атаулы кешке арнайы шақырылған қонақтар Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің генерал-майорлары: Мусабаев Еркін Ілесбекұлы, Махамбет Мустафа Қанафияұлы, Марат Мажитов, Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы генерал-майор Алкешев Ниязтай Болатұлы, ҚР ұлттық гвардиясы 5571 әскери бөлімінің командирі, полковник- Оспанбеков Бағдаулет Оралұлы, «Генералдар кеңесінің» төрағасы, генерал-майор Телегусов Махмұт Өтегенұлы, «Арыстан» әскери лицейдің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі бастығының орынбасары, запастағы полковнигі Райхель Владимир Анатольевич университетіміздің тыныс-тіршілігімен танысып, мұражайымызды аралап, көрме орталығындағы студенттердің жұмыстарын көріп, арнайы ұйымдастырылған концерттік бағдарламаны тамашалады.
Концерттік бағдарлама сұрапыл соғыстағы әр майдангердің маңдай тері, қасық қаны, пида болған жанын бір минуттық еске алумен басталды.
Ардагерлерге арналған жиынның алғашқы сөзін университеттің стратегиялық даму және әлеуметтік жұмыс жөніндегі проректоры – Жанар Қасымбекқызы өз құттықтауымен ашты.
– «Бұл екінші дүниежүзілік соғыстағы жеңімпаздардың әскери дәстүрі мен Отан қорғаушылардың қазіргі буынының сабақтастығын білдіреді. Аталарымыз бен әкелеріміздің озық дәстүрін жадымызда сақтау, кейінгі ұрпаққа оларды үлгі ету – біздің қасиетті борышымыз»
– деді өз сөзінде Жанар Қасымбекқызы.
Ер есімін есте сақтаған мәдени кеште университет студенттері, «Білімді ұрпақ – жарқын болашақ!» атты ХIV Республикалық студенттік пәндік олимпиадасының бас жүлде иегерлері «Бала арманы» атты театрландырылған қойылымын ұсынып, соғыс жылдарын еске салар «Возвращяйся домой» , «Смуглянка», «День победы» әндері, «VIVO» триосы әскери өлеңдерден паппури шырқап, ардагерлерімізді сонау сағым жылдарға бір апарып келгендей әсерге қалдырды. «Томирис» би ансамблі «Синий платочек» биін бледі.
Сонымен қатар, Арыстан» лицейінің білім алушыларымен университетіміздің «Хореография» білім беру бағдарламасының 1 курс студенттері бірлескен қойылым қойып, кеш соңы әдемі вальспен аяқталды.
Дәстүрлі шараның мақсаты – бүгінгі жастардың бойына өшпес ерлік пен өнегені сіңіріп, аға буын ардагерлер еңбегін үлгі ету.Азаматтық-патриоттық, отансүйгіштік қасиеттерін шыңдау.
МЕДИА
Коммуникация және маркетинг департаменті
Байланыс телефоны: +7 727 237 00 05
e-mail: qyzdar_universitety@qyzpu.edu.kz
Бөлісу: