6В01530-Физика IP
-
СипаттамаБағдарлама паспортыҚұжаттар тізіміБілім беру бағдарламасының мақсаты:
Білім беру саласындағы заманауи сын-қатерлерге жауап беретін және өзгергіштік, белгісіздік, күрделілік, түсініксіздік әлемінде өмір сүретін және жұмыс істейтін 21 ғасыр мұғалімдеріне қажетті құзыреттерді қалыптастыратын жаңа салаларда құзыреттілігі бар физика мұғалімдерін даярлау болып табылады.
Білім беру бағдарламасының қысқаша сипаттамасы:
Бұл «Физика» білім беру бағдарламасы (ББ) әртүрлі қазақстандық жоғары оқу орындарының ынтымақтастығымен және халықаралық консультанттарды тарта отырып әзірленген, педагогтарды даярлауға арналған ұлттық білім беру бағдарламасы. Бұл білім беру бағдарламасы ұлттық болғандықтан, ондағы сипаттамалық мәтіндерде нақты ақпарат жоқ, бірақ жалпы педагогикалық қағидалар мен тақырыптар қамтылған (сонымен қатар 1-қосымшаны қараңыз.). Толығырақ сипаттамалар, мысалы, әдіснамалар мен бағалау институционалдық және өңірлік жағдайларды ескере отырып, жоғары оқу орындарының іске асыру жоспарларында айқындалатын болады.
Білім беру бағдарламасының міндеттері:
ББ болашақ мұғалімдердің жеке қасиеттерін дамытуға, сонымен қатар Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының МЕМ жоғары білім беру талаптарына сәйкес әмбебап, жалпы оқу және кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастыруға бағытталған. ББ ерекшелігі – ол болашақ физика мұғалімдерінің пәндік дайындығына, орта білім мазмұнына сәйкес келетін пәнаралық және зерттеушілік құзыреттіліктерге ерекше көңіл бөледі.
Білім беру бағдарламасының түрі - жаңартылған
Білім беру бағдарламасының атауы - 6В01530-ФИЗИКА IP
Білім беру саласы - 6B01 Педагогикалық ғылымдар
Даярлау бағыты - 6В015 Жаратылыстану пәндері бойынша мұғалімдер даярлау
Білім беру бағдарламасының тобы - 6В010 - Физика пәні мұғалімдерін даярлау
- БББ пәндері
- БББ ақпараты
- Элективті пәндер каталогы