6B01303- Бастауыш білім беру

  • 6В01303 – Бастауыш білім беру (ББББ)
    Университет коды: 025
    6В01303 – Бастауыш білім беру (ББББ)
    ҚАБЫЛДАУ КОМИССИЯСЫНА ӨТУ
    Сипаттама
    Бағдарлама паспорты
    Құжаттар тізімі

    Бірлескен білім беру бағдарламасының мақсаты: қазақ және қырғыз жоғары білім беру ұйымдарының халықаралық ынтымақтастығы негізінде, көпмәдениетті білім беру ортасында тиімді жұмыс істей алатын, ХХІ ғасыр дағдыларын меңгерген, педагогикалық, психологиялық, әдістемелік және цифрлық құзыреттері қалыптасқан, бастауыш білім беру саласында кәсіби қызметті сапалы жүзеге асыра алатын бәсекеге қабілетті мұғалімдерді даярлау.

    Бағдары:

    Тез өзгеретін әлемде басқаруға қабілетті педагогтарды дамытатын зияткерлік платформа.

    Миссиясы:

    Білім беру саласында еліміздің және әлемнің игілігі үшін озық білім мен құндылықтарды жасай, дамыта және тарата алатын көшбасшы ұстаздарды қалыптастыру.

    Бағдарламалық мақсаты:

    Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы жоғары білім беру ұйымдарының халықаралық бірлескен білім беру бағдарламасы негізінде көпмәдениетті ортада кәсіби қызмет атқаруға дайын, XXI ғасыр дағдыларын меңгерген, бастауыш білім беру саласында инновациялық педагогикалық қызметті жүзеге асыра алатын, бәсекеге қабілетті бастауыш сынып мұғалімдерін даярлау.

    Құндылықтары:

    Толық адам тұлғасы, өз ісіне адалдық және қоршаған әлемге деген сүйіспеншілік.

    Білім беру бағдарламасының түрі: Жаңа

    Білім беру бағдарламасының атауы: ББББ ()Бірлескен білім беру бағдарламасы)  6B01303- Бастауыш білім беру

    Білім беру саласы: 6В01 Педагогикалық ғылымдар

    Даярлау бағыты: 6В013 – Пәндік мамандандырылмаған мұғалімдерді даярлау

    Білім беру бағдарламасының тобы: 6В013 - Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі