РАУШАН БАҚЫТҚЫЗЫ ӘЙТИЕВА
-
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Ғылыми кітапханасын 49 жыл басқарған білікті кітапхана меңгерушісі, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері.
Раушан Әйтиева 1964 жылы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институты кітапханасында жұмысын бастаған кезде, журналдар мен әдістемелік материалдарды қоса алғанда кітапхана қоры 60 000 құрап, Бас оқу ғимаратының екінші қабатындағы екі аудиторияда орналасты. Ал Раушан Бақытқызының басқарған кезеңде кітапхана қоры 1,5 миллионға дейін артты.
Раушан Бақытқызы жеке кітапхана ғимаратының құрылысын аяқтап, кітапханалық істе заманауи технологияларды енгізіп, өзінің арманын жүзеге асырды. Заман талабына сай болу үшін компьютерлік курстарды тәмамдады.
Раушан Әйтиева А.С. Пушкин атындағы кітапхана жанындағы ғылыми-зерттеу тобының мүшесі, ҚазССР Білім министрлігі жанындағы Республикалық кітапхана-ақпараттық комиссиясының мүшесі, Алматы қаласының жоғары оқу орындары кітапханаларының идеялық-тәрбие жұмыстары бөлімінің төрағасы және қалалық кітапсүйерлер қоғамының мүшесі болды.
Сондай-ақ кітапхана факультетінде оқытушылық қызметті де атқарды. Оның Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институты кітапханасындағы еңбек өтілі – 49 жыл, ал оқытушылық қызметте – 22 жыл. Ол Мәскеу мемлекеттік университетінде, Мәскеу мәдениет институтында, Ленинград мәдениет институтында, Тарту университетінде (Эстония) жоғары оқу орындары кітапханалары директорларының біліктілігін арттыру курстарынан өтті. Тәжірибе алмасу мақсатында Ташкент қаласындағы университетке, Қырғызстандағы Қыздар педагогикалық институтына барды.
Раушан Бақытқызы Әйтиева бірнеше рет ҚазССР Білім министрлігі мен кәсіподақ ұйымдарының құрмет грамоталарымен марапатталған. Оның марапаттары қатарында Ыбырай Алтынсарин медалі, Ахмет Байтұрсынов медалі, «Еңбек ардагері» атағы және «ҚазССР халық ағарту ісінің үздігі» құрметті белгісі бар. 2012 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Раушан Бақытқызы Әйтиеваға «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» жоғары мемлекеттік атағы берілді.
Раушан Бақытқызының кітапхана ісі бойынша көптеген еңбектері бар. Сонымен қатар, белгілі мемлекет қайраткері Әбдірахман Әйтиевтің өмірі мен күресін баяндайтын кітаптар жазды.
Раушан Бақытқызы Әйтиева отбасына деген сүйіспеншілік пен адамдарға деген құрметпен өрілген жарқын оқиғаларға толы өнегелі ғұмыр кешті.
RAUSHAN AITIEVA 1936-2021
Raushan Bakhytovna Aitieva is an experienced head of the Scientific Library of the Kazakh National Women's Teacher Training University, who headed the library for 49 years, an Honored Worker of the Republic of Kazakhstan.
If at the beginning of Raushan Aitieva's work in the library of the Kazakh State Women's Pedagogical Institute in 1964, the library fund numbered 60,000 units, including magazines and manuals, and was located in two classrooms on the second floor of the main building, then during the work of Raushan Bakhytovna, the fund increased to 1.5 million units.
Raushan Bakhytovna realized her dream and achieved the construction of a luxurious separate library building, introduced modern library technology. To match the time, she has graduated from computer courses.
Raushan Bakhytovna was a member of the scientific research group at the Pushkin Library, a member of the Republican Library and Information Commission under the Ministry of Education of the Kazakh SSR, chairman of the section of ideological and educational mass work of university libraries in Almaty, a member of the city society of book lovers.
Raushan Bakhytovna also started teaching at the library faculty. Raushan Bakhytovna's work experience is 49 years in the library of the Kazakh State Women's Pedagogical Institute and 22 years of teaching. She took advanced training courses for university library directors at Moscow State University, Moscow Institute of Culture, Leningrad Institute of Culture, University of Tartu (Estonia). Also, for the exchange of experience, she attended the University of Tashkent, ZHENPI in Kyrgyzstan.
Raushan Bakhytovna Aitieva has been repeatedly awarded certificates of honor from the Ministry of Education and trade union organizations. Her list of awards includes the Ibray Altynsarin Medal, the Akhmet Baitursynov medal, the title of "Veteran of Labor", the honorary badge "Excellent Employee of National Education of the Kazakh SSR". In 2012, by Decree of the President of the Republic of Kazakhstan, Aitieva Raushan Bakhytovna was awarded the highest state title "Honored Worker of the Republic of Kazakhstan".
She has many publications on librarianship. Raushan has also written books revealing the historical truth about the life and struggle of a prominent statesman Abdrakhman Aitiyev. The life of Raushan Bakhytovna Aitieva, her professional activity is a bright kaleidoscope of events, permeated with love for family and respect for people!
АЙТИЕВА РАУШАН БАХЫТОВНА 1936-2021
Опытный заведующий Научной библиотекой Казахского национального женского педагогического университета, возглавлявший библиотеку на протяжении 49 лет, Заслуженный деятель Республики Казахстан.
Если в начале работы Раушан Айтиевой в библиотеке Казахского государственного женского педагогического института в 1964 году библиотечный фонд насчитывал 60 000 единиц, включая журналы и методички, и помещался в двух аудиториях на втором этаже главного корпуса, то за время работы Раушан Бахытовны фонд увеличился до 1,5 миллиона единиц.
Раушан Бахытовна осуществила свою мечту и добилась строительства роскошного отдельного здания библиотеки, внедряла современные технологии библиотечного дела. Чтобы соответствовать времени, окончила компьютерные курсы.
Раушан Бахытовна являлась членом научно-исследовательской группы при библиотеке им. Пушкина, членом Республиканской библиотечно-информационной комиссии при Министерстве образования КазССР, председателем секции идейно-воспитательной массовой работы вузовских библиотек города Алма-Аты, членом городского общества книголюбов.
Раушан Бахытовна также начала преподавательскую деятельность на библиотечном факультете. Рабочий стаж Раушан Бахытовны — 49 лет в библиотеке Казахского государственного женского педагогического института и 22 года преподавания. Проходила курсы повышения квалификации директоров вузовских библиотек в Московском Государственном университете, Московском институте культуры, Ленинградском институте культуры, университете города Тарту (Эстония). Также по обмену опытом посещала университет города Ташкента, ЖенПИ в Киргизии.
Раушан Бахытовна Айтиева неоднократно награждалась почётными грамотами от Министерства образования и профсоюзных организаций. В списке ее наград — медаль имени Ибрая Алтынсарина, медаль имени Ахмета Байтурсынова, звание «Ветеран труда», почётный значок «Отличник народного просвещения КазССР». В 2012 году Указом Президента РК Айтиевой Раушан Бахытовне присвоено высшее государственное звание «Заслуженный деятель Республики Казахстан».
Имеет много публикаций по библиотечному делу. Также Раушан написала книги, открывающие историческую правду о жизни и борьбе видного государственного деятеля Абдрахмана Айтиева.
Жизнь Раушан Бахытовны Айтиевой, ее профессиональная деятельность — это яркий калейдоскоп событий, пронизанный любовью к семье и уважением к людям!