Порядок подачи документов в комитет Олимпиады



    • Порядок подачи документов в комитет Олимпиады

      АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

      «Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті» КеАҚ, Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар және өнер институты, «Музыка» кафедрасының ұйымдастыруымен 2022 жылдың 16 мамыр күні «Креативті жас-өркен» атты «Музыка» пәнінен Республикалық олимпиадасын өткізеді.  

      Олимпиада мақсаты: Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде білім алу үшін мектепте «Музыка» пәні бойынша оқушылардың жаңартылған білім беру бағдарламасы негізінде, болашақ мамандығын дұрыс таңдау мүмкіндіктерін кәсіби бағдар жүргізу арқылы  анықтау, жоғары деңгейдегі танымдық, шығармашылық шеберлік пен білімді, дағдыларын анықтау 

      Олимпиаданың өту уақыты: 16 мамыр 2022 жыл

      Қатысуға өтінімдер 10 мамыр 2022 жыл сағат: 12.00-ге  дейін қабылданады

      Олимпиаданың жұмыс тілдері: қазақ, орыс.

      Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар және өнер институты, «Музыка» кафедрасының базасында өткізіледі. Олимпиадаға әр мектептен 11 сыныпта оқитын қыз балалар қатыса алады.

      Олимпиада тікелей онлайн Zoom платформасында, комиссия бақылауымен өткізіледі. «Креативті жас-өркен» атты «Музыка» пәнінен өтетін Республикалық олимпиада 2 кезеңнен тұрады:

      • 1 – кезең. Кез-келген музыкалық аспапта (домбыра, фортепиано, скрипка, т.с.с) немесе өз дауысымен шығарма немесе ән орындау.
      • 2– кезең. Қазақ музыкасы тақырыбында зерттеу жұмысын қорғау. (Презентация)

      Олимпиаданы ұйымдастыру комитетіне құжаттарды өткізу тәртібі

      10 мамыр 2022 жыл сағат: 12.00-ге дейін мектептен қатысушы оқушының және оның жетекшісінің аты-жөні, youtube платформасына жарияланған  видеоның  сілтемесі (қосымша-1), олимпиада бағдарламасынан таңдалған бағыты  көрсетілген ресми хат, қатысушылардың өтініш парақшасы aynabekova.nazgul@qyzpu.edu.kz  электрондық поштасына жіберілуі қажет. Сонымен бірге оқушының фотосуреті, жеке куәлігі немесе паспортының көшірмесі де осы электрондық поштаға жіберіледі.

      • 1 кезеңде оқушылар бір мезгілде (1 видео ішінде) аспапта немесе дауыста 2 шығарма (жылдам және баяу темпте) немесе ән (лирикалық және патриоттық) орындайды. Орындауды видеоға жазып, youtube платформасына жариялап, конкурстық комиссияға сілтемесін жіберуі керек.  1-ші кезеңнен өткен қатысушылар 2-ші кезеңдегі турға өтеді.
      • 2 кезең «Қазақ музыкасы» бағыты бойынша өздері таңдаған тақырыпта зерттеу жұмысын презентация ретінде алдын-ала жіберілген зум сілтемесі арқылы өтіп, өз жұмысын қорғайды.

      Олимпиадаға қатысушылар  компьютермен қамтамасыз етілуі қажет.

      Олимпиадаға қатысу үшін аталған құжаттарды 10 мамыр 2022 жылғы дейін үлгіге сәйкес толтырып, ұйымдастыру комитетіне жіберу қажет.

      Ұйымдастыру комитетінің мекен-жайы: Алматы қаласы, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Гоголь көшесі 114, Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар және өнер институты, Музыка кафедрасы

      Байланыс телефоны

      87071758734       Айнабекова Назгул  

       

      Қосымша 1

      Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің

      Басқарма төрағасы – Ректор

      Г. Қанайға

       

      ____________(мектеп атауы)_______________жоғары оқу орындарының «Музыка» кафедрасының ұйымдастыруымен «Креативті жас-өркен» атты «Музыка пәнінен Республикалық олимпиадасына қатысу үшін білім алушылардың тізімі мен ілеспе құжаттарын жібереді:

      Қатысушы оқушының аты-жөні

      Сыныбы/қатысу тілі

      Аймағы, қаласы, мектебі

      Жұмыс атауы

      Жетекшісі

      Байланыс телефоны, электрондық почтасы

      Youtube

      сілтемесі

      1

      Ахметова Шолпан

      11/ қазақ

      ШҚО, Аякөз қаласы, №110 мектеп-гимназия

      «Менің елім»

      Шығарма

      «Қазақ вальсы»

      шығарма

      Ибраева С.К

      sholpan@gmail.com

      8777 987 65 43

      http://youtu.be/HXIJrlvse8

        Департамент маркетинга и коммуникаций

        Контактный телефон: +7 727 237 00 05      

        e-mail: qyzdar_universitety@qyzpu.edu.kz   

      Поделиться: