Жастар саясаты орталығы
-
Жастар саясаты орталығының мақсаты – жастардың азаматтық, әлеуметтік, тұлғалық қалыптасуын және олардың әлеуметтік, инновациялық салада дамуына жағдайлар жасау.
Алға қойған мақсаттарға жетуде келесі міндеттерді жүзеге асырады:
- Жастарды әлеуметтік тәжірибеге тарта отырып, өзін-өзі дамытуда әлеуметтік мүмкіндіктері туралы ақпарат беру.
- Зияткерлік, шығармашылық дамуын камтамасыз ету және кәсіпкерлік белсенділіктеріне қолдау көрсету.
- Көшбасшылық дағдылары бар бастамашыл және талантты жастардың толық қалыптасуына қолдау білдіру.
- Азаматтық білім мен патриоттық тәрбие беру, жастар арасында олардың мәдени және адамгершілік құндылықтарын қалыптастыруға ықпал ету.
- Жастар ісі жөніндегі комитет пен студенттік кеңес мүшелері жатақханадағы ахуалды бақылап, түрлі мәселелерді уақытылы шешуге атсалысуда. Әлеуметтік жағдайы төмен, ерекше санаттағы жастарға қолдау көрсетіліп, тәрбие мен мәдениет бағытында арнайы кездесулер, тренингтер өткізіледі.
Орталықтың бағыттары:
- Білім және ғылым – жастардың сапалы білім алуы мен ғылыми-зерттеу жұмыстарына тартылуы.
- Мәдениет, спорт, шығармашылық қабілеттерін дамыту, бос уақытты тиімді ұйымдастыру.
- Цифрландыру және инновация – жастарды IT, ЖИ цифрлық дамуына ықпал ету.
- Еріктілік және лидерлік – қызметті дамыту, қасиеттерді қалыптастыру.
- Жатақхана орындарымен қамтамасыз ету – студент жастардың сұранысына сай жатақхана орнын көбейту, әділ бөлу мен орынсыз қалмауын қамтамасыз ету.
- Студенттік өзін-өзі басқару – студенттер үйлеріндегі бастамаларды қолдау, студенттік кеңестер арқылы мәселелерді шешу.
Нормативтік құқықтық актілер:
- ҚР «Білім туралы» заңы; 2015 жылғы 9 ақпандағы № 285-V «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заңы;
- Жастар саясаты орталығының Ережесі
- Студенттік өзін-өзі басқару ұйымдары туралы Ереже;
- «Әдеп кодексі»,
- Қоғамның Студенттер үйінен орын беру және тұру Ережесі,
- Студенттерді патриотизм көрсеткені және азаматтық ұстанымы үшін марапаттау туралы Ереже
- «Білім алушылардың тәртіптік кеңесі туралы Ереже»
- «Тұрақты даму» студенттік клубының Ережесі;
- «100 үздік студент байқауы» туралы ереже.
- «Әлеуметтік интегралды GPI» туралы Ереже

