Балаларды ерте жастан дамыту және отбасын зерттеу орталығы

    • Бүгінгі таңда ерте жастағы балаларды дамыту мәселесі - орнықты даму мақсаттары мен адами капитал сапасын арттырудың басты шарты.

      Қазақстан Республикасында жоғары білімді және ғылымды дамытудың 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасында (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 28 наурыздағы № 248 қаулысы) университеттердің академиялық басымдығына қол жеткізудегі негізгі стратегиялық мақсаттың бірі ғылым орталықтарды құру болып табылады. Осы орайда, 2024 жылы 17 сәуірде Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің базасында мектепке дейінгі білім беру кафедрасына қарасты «Балаларды ерте жастан дамыту және отбасын зерттеу» орталығы ашылды.

      Қазірде “Балаларды ерте жастан дамыту және отбасын зерттеу орталығы” ата-анамен, педагогпен және зерттеушімен бірлесе отырып, баланың әлеуетін ашуға бағытталған инновациялық тәсілдерді сынақтан өткізуде.

      Орталықтың мақсаты:

       Ерте жастағы балалармен жұмыс істейтін және отбасы мәселелерін зерттеумен айналысатын педагогтарге, студенттерге әдістемелік көмек көрсету, тәжірибе алмасу,  ақпараттық-кеңестік көмек көрсету, ғылыми-қолданбалы зерттеулер жүргізу және ғылыми-әдістемелік ұсынымдар әзірлеу.

       Міндеттері:

      • оқыту мен тәрбиелеудің жаңа технологиялары мен әдістемелерін мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру жүйесіне трансферлеу (енгізу);
      • қосымша бюджеттен тыс қаражат тарту;
      • мектепке дейінгі білім беру жүйесінің әдіснамалық қамтамасыз етілуін ұйымдастыру және көрсетілетін білім беру қызметтерінің сапасын талдау;
      • ерте және мектепке дейінгі жастағы балалармен практикалық жұмысқа инновациялық технологиялар мен әдістемелерге сәйкес әзірленген және іріктелген жаңа ойын материалдарын енгізу;
      • ерте және мектепке дейінгі жастағы балалардың дамуы бағыты бойынша тәрбиеленушілермен, мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтерімен және ата-аналармен өзара тиімді байланыс орнату;
      • ерте жастағы балаларды тәрбиелеу, дамыту және денсаулығын сақтау мәселелері бойынша тәрбиешілер мен ата-аналарға кеңестік және әдістемелік көмек көрсету;
      • «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу», «Мектепке дейінгі ұйым тәрбиешісі және логопеді» білім беру бағдарламалары бойынша оқитын студенттерге әдістемелік, әлеуметтік-педагогикалық және психологиялық қолдау көрсету;
      • орталық базасында студенттер үшін оқу сабақтары мен тәжірибелік жұмыстар ұйымдастыру;
      • орталық базасында ғылыми-қолданбалы зерттеулер жүргізу

      ИНСТАГРАМ 

      ЕРЕЖЕ