Құрметті QyzPU түлектері! Сіздерді, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Физика, математика және цифрлық технологиялар институты, Информатика кафедрасының ұйымдастыруымен еліміздің мектептері мен колледждерінде қызмет атқаратын QyzPU түлектеріне арналған «AI-ПЕДАГОГ 2026» Республикалық конкурсына қатысуға шақырамыз!
Конкурс Қазақстан Республикасында жүзеге асырылып жатқан AI Sana ұлттық бастамасының идеялық-әдіснамалық қағидаттарына тікелей сәйкес келеді.
Конкурсқа қатысу үшін:
2026 жылғы 6 наурызға дейін тіркелу сілтемесі арқылы өтінім беріп, I кезеңге арналған бейнежазбаны және диплом көшірмесін жолдау қажет.
Тіркелу сілтемесі: https://forms.gle/gkuDWRrywXuko5Zx7
Конкурстың кезеңдері:
I кезең (онлайн) – «AI-Screencast: Менің әдістемем» (бейнежазба ұзақтығы – 3 минутқа дейін).
II кезең (офлайн/гибрид) – «AI-Педагог: Demo Day» (өткізу күні: 3 сәуір 2026 ж.).
Бірінші кезеңнен өткен қатысушыларға электрондық пошта арқылы екінші кезеңге шақыру хат жіберіледі.
Қатысу шарттары:
Конкурсқа QyzPU түлектерінің әр жылдары бітірген, мектептерде немесе колледждерде жұмыс істейтін мамандар қатыса алады.
Жеңімпаздар дипломдармен және қаржылай сыйлықтармен марапатталады.
Өтетін орны: Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Алматы қ., Гоголь көшесі 114, корпус 1.
Байланыс үшін:
Информатика кафедрасының аға оқытушысы
Тазабекова Парасат Қадырқұлқызы
Байланыс телефоны: +7 775 268 7220
E-mail: tazabekova.p@qyzpu.edu.kz