Құрметті студенттер!  Дене шынықтыру және спорт кафедрасының ұйымдастыруымен Университет институттары мен Колледж студенттері арасында  спорттық жарыс өтетінін хабарлаймыз!

 Іс-шара мақсаты – білім ордаларының ынтымақтастығын арттыра отырып, спорт мәдениетін қалыптастыру.

 Жарыс эстафеталық сайыс пен арқан тартыс ойынынан тұрады.

  • Өтетін күні: 27 ақпан, 2026 жыл
  • Өтетін уақыты: 10:00
  • Өтетін жері: Университет спорт кешені