Оқу ақысына жеңілдік алу үшін өтініш қабылдау
-
09 қыркүйек, 2025
Ақылы негізде оқитын білім алушылар!
Сіздерге 2025 жылдың 10 қыркүйегі мен 25 қыркүйегі аралығында оқу ақысына жеңілдік алу үшін өтініштер қабылданатынын хабарлаймыз.
Өтініш пен қажетті құжаттарды институттың тәрбие ісі жөніндегі директор орынбасарына тапсырасыздар.
25 қыркүйектен кейін тапсырылған өтініштер қабылданбайды және Комиссияда қаралмайды.
Бір білім алушыға бір уақытта бірнеше жеңілдік түрі ұсынылмайды.
ЖЕҢІЛДІКТЕРДІҢ МӨЛШЕРІ ЖӘНЕ ҰСЫНУ ШАРТТАРЫ
р/с
№
Санат
Жеңілдік мөлшері пайызбен (%)
Ескерту
1
«Алтын белгі» иегерлері үшін
100 %
Бакалавриатқа оқуға түсушілер үшін
2
«Үздік аттестат» және «Арнайы аттестат», «Үздік диплом» иегерлері үшін, ҰБТ бойынша 100 және одан да көп балл жинаған оқуға түсушілер үшін
50 %
Бакалавриатқа оқуға түсушілер үшін
3
«ҚазҰҚызПу» КеАҚ кәсіптік білім беру колледжінің түлектері үшін
25 %
Бакалавриатқа оқуға түсушілер үшін
4
Магистратурада оқуын жалғастыратын ҚазҰҚызПУ бакалавриат түлектері үшін
15%
Магистратураға оқуға түсушілер үшін
5
«ҚазҰҚызПУ» КеАҚ ақылы негізде оқитын бір отбасынан шыққан екі бала үшін
15 % (күндізгі бөлімде оқитын әрбір білім алушы үшін)
1-4 курсттар
6
Олимпиада ойындарының, әлем чемпионаттарының, Азия чемпионаттарының, дүниежүзілік жазғы және қысқы Универсиадалардың жүлдегерлері
100 %
1-4 курстар
7
«СШҮ», «СШ» атақтарымен халықаралық және республикалық спорт жарыстарының жеңімпаздары
Стандарттарға сәйкес келгендер:
ҚР спорт шеберлігіне кандидат – 20 %;
ҚР спорт шеберлері – 25%;
халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері-35 %
1-4 курстар
8
Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, қамқорлыққа алынған білім алушылар, толық жетімдер үшін
90 %
1-4 курстар
9
Медициналық - сараптамалық қорытындысы бар студенттерге (бала кезінен мүгедектерге)
I топ-60 дейін %;
II топ-55-ке дейін %;
III топ-50 %
1-4 курстар
10
«ҚазҰҚызПУ» КеАҚ қызметкерлерінің балалары үшін
10 %
1-4 курстар
11
Ауғанстан және Ұлы Отан соғыстарына қатысушы ардагерлер, сондай-ақ Чернобыль апатына қатысушылардың отбасыларының балалары үшін
10 %
1-4 курстар
12
16 жасқа дейінгі балалары бар көп балалы отбасылардан шыққан білім алушылар (АӘК анықтамасы бар) үшін
10 %
1-4 курстар
13
Табиғи апаттар аймағында тұратын білім алушылар
15 %
1-4 курстар
14
Ата-анасы біреуі немесе екеунің де мүгедектігі бар білім алушылар үшін
15 %
1-4 курстар
15
АӘК анықтамасын ұсына отырып, толық емес отбасылардан шыққан білім алушылар үшін
10%
1-4 курстар
16
Абай облысындағы "Семей орманы" резерваты қызметкерлерінің өртті жою кезінде ерлікпен қаза тапқан отбасыларынан шыққан балаларға
100 %
1-4 курстар
17
"ҚазҰҚызПУ" КеАҚ ақылы негізде 1 курсқа түскен мектеп түлектеріне және «Білім Инновация» халықаралық қоры түлетерінің пәндік олимпиодаларының жеңімпаздарына
1 орын-100%
2 орын-50%
3 орын-30%
Оқуға түсушілер үшін
бакалавриатқа
Бөлісу: