Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде «Парасат апталығы» аясында Кәсіптік білім кафедрасының ұйымдастыруымен «Эко-дизайн: қалдықтан креативті өнімге» атты шеберлік сабағы өтті.

«Тұрақты даму мақсаттарын жүзеге асыру жолында таза әлемді бірге қорғайық!» ұранымен өткен шара қоршаған ортаны қорғауға, қалдықтарды қайта пайдалануға және экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталды.

Шара барысында студенттер жүннен көркем картиналар жасап, газет пен целлофаннан сәндік киімдер тігіп, қалдық материалдардан жасалған креативті туындыларын ұсынды.

Іс-шара БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарының 12-мақсаты – «Жауапты тұтыну және өндіріс» және 13-мақсаты – «Климаттың өзгеруіне қарсы күрес» бағыттарымен байланысты ұйымдастырылды.

Шеберлік сабақ қалдықтарды тиімді пайдаланудың маңызын насихаттап, студенттердің экологиялық жауапкершілігін, шығармашылық ойлауын және тұрақты даму мәдениетін қалыптастыруға бағытталды.

