Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Тұлға қалыптастыру департаментіне қарасты Жастар саясаты орталығының ұйымдастыруымен Мемлекет басшысы жүктеген «Заң және тәртіп» қағидатын іске асыру шеңберінде студент жастармен ақпараттық-түсіндіру кездесуі ұйымдастырылды.

Кездесуге Алматы қаласы Полиция департаменті Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі, полиция аға лейтенанты Расылхан Батырхан Айдарханұлы, Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің жедел уәкілі Дулат Билдебаев және Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар және өнер институтының директоры Сапаров Бақытжан Жолдыбайұлы қатысты.

                                       

Жиында киберқауіпсіздік, интернет-алаяқтықтың алдын алу, қаржылық сауаттылық және құқықтық мәдениетті қалыптастыру мәселелері талқыланды. Шақырылған мамандар ақпараттық қауіпсіздік ережелері мен цифрлық ортадағы алаяқтық әрекеттерден сақтану жолдарын нақты мысалдар арқылы түсіндіріп, студенттердің сұрақтарына жауап берді.

                                      

                                      

                                      

Аталған шара жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, қауіпсіз цифрлық орта қалыптастыруға және қоғамда заң үстемдігін нығайтуға бағытталған.

Сонымен қатар бұл бастама БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарының 4-бағыты («Сапалы білім») мен 16-бағытына («Бейбітшілік, әділдік және тиімді институттар») сәйкес келеді.