Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде «Конституция және азаматтық жауапкершілік: жастардың құқықтық мәдениеті» тақырыбында Алматы қалалық адвокаттар алқасының адвокаты Асылбек Абдраимовпен кездесу өтті.
Тұлға қалыптастыру департаменті, Қыздар көшбасшылығы және кәсіпкерлік орталығының ұйымдастыруымен өткен бұл шара білім алушыларға Ата Заңды құрғақ теория тұрғысынан емес, күнделікті өмірде қолданылатын тәжірибелік құрал ретінде түсіндіруді көздеді.
Басқосу барысында Конституцияның қоғамдық қатынастарды реттеудегі рөлі, азаматтардың құқықтары мен міндеттері, заң үстемдігін қамтамасыз ету және құқықтық сауаттылықты көтеру мәселелері жан-жақты сөз болды. Студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, білікті маманнан нақты заңнамалық түсініктемелер алды.
Бұл іс-шара 2026 жылғы 1 шілдеден бастап мемлекеттік басқару жүйесін, азаматтардың құқықтық кепілдіктерін және кедендік реттеу шарттарын қамтитын бірқатар маңызды өзгерістердің күшіне енуі қарсаңында жастардың заңға құрмет мәдениетін нығайту мен белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыруда тиімді алаңға айналды.
