Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде Жаңа Конституция нормаларының мазмұны, оларды түсіндіру және құқық қолдану практикасына енгізу ерекшеліктеріне арналған сараптамалық дөңгелек үстел өтті.

Ауқымды іс-шараның басты спикерлері ретінде арнайы шақырылған философия ғылымдарының докторы, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының профессоры Дәуренбек Құсайынов пен философия ғылымдарының кандидаты, Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының доценті Бауыржан Божбанбаев аталған тақырып төңірегінде терең мағлұмат беріп, өз ойларымен бөлісті.

Іс-шара барысында қатысушылар Конституциялық жаңашылдықтардың қолданылу тетіктерін, ықтимал құқықтық тәуекелдер мен практикалық мәселелерді жан-жақты талқылап, белгілі сарапшылардың кәсіби пікірлерін тыңдады.

Сұрақ-жауап және еркін пікір алмасу форматында ұйымдастырылған жиында қатысушылар өздерін мазалаған өзекті сауалдарына тұщымды жауаптар алды.

Айта кетейік, алдағы уақытта қоғам өмірінің түрлі салаларына өзгеріс әкелетін жаңа Конституциялық нормалар ресми түрде 1 шілдеде күшіне енетін болады.


