Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде 2026–2027 оқу жылына арналған білім алушыларды Студенттер үйлеріне орналастыру мәселесі бойынша комиссия отырысы өткізілді.

Тұлға қалыптастыру департаменті, Жастар саясаты орталығының ұйымдастыруымен өткен жиында бекітілген ережеге сәйкес келіп түскен өтінімдер қаралды.

Биыл жатақханадан орын алуға 2, 3 және 4-курс студенттерінен барлығы 471 өтінім түскен. Ұсынылған құжаттардың заңдылығы мен толықтығы мұқият тексеріліп, нәтижесінде талаптарға сай келетін 447 студенттің өтінімі мақұлданды.

Орындарды бөлу барысында білім алушылардың әлеуметтік санаты, сондай-ақ оқу, ғылыми, қоғамдық, мәдени және спорттық бағыттардағы жетістіктері мен белсенділіктері негізге алынды.

Айта кетейік, университет теңгерімінде заманауи үлгідегі 7 Студенттер үйі бар. Олардың барлығы оқу ғимараттарына жақын, яғни 5-10 минуттық жерде орналасқан.