Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің студенттері «JAS GALA–2026» студенттік көктем шығармашылық байқауына қатысып, бірнеше бағыт бойынша жүлделі орындарды иеленді.
Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының қолдауымен «Алматы студенттер Альянсы» корпоративтік қоры ұйымдастырған бұл ауқымды шара қаладағы жоғары оқу орындарының дарынды жастарын біріктірді. Жобаның басты мақсаты – университет дәстүрлерін нығайту, дарынды жастарды анықтау және олардың кәсіби тұрғыдан өсуіне қолдау көрсету.

Фестиваль вокал, хореография, мобилография, аспапта орындау және театр секілді бес негізгі бағытты қамтыды. Вокал, хореография, мобилография, аспапта орындау және театр бағыттарын қамтыған сыни бәсекеде QyzPU студенттері өзіндік шығармашылық шеберліктерімен ерекшеленіп, арнайы дипломдармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

Атап айтқанда, хореография бағыты бойынша «Primerose» би тобы 1-орынды және 300 000 теңге ақшалай жүлдені иеленді. Мобилография бағытында да университет студенттері үздік нәтиже көрсетіп, Өмірзак Райни 1-орынды (300 000 теңге), ал Зейдінаби Аружан 2-орынды (200 000 теңге) қанжығасына байлады.

В направлении «Мобилография» студенты университета также продемонстрировали отличные результаты: Райни Омирзак заняла 1-е место (300 000 тенге), а Аружан Зейдинаби – 2-е место (200 000 тенге). Творческий коллектив «Өнер жастан», выступивший в театральном направлении, удостоился 3-го места (200 000 тенге). Театр бағыты бойынша бақ сынаған «Өнер жастан» командасы 3-орынға (200 000 теңге) ие болды.

Сонымен қатар жоғары деңгейде белсенділік танытқан Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетіне фестиваль аясында арнайы «Үздік ЖОО» номинациясы табысталды.
