Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің «Көршінің Қызы» командасы Түркістан қаласында өткен «ULTTYQ LIGA» республикалық жобасының жартылай финалына жолдама алды.

Университет атынан Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар және өнер институты, «Мәдени-тынығу жұмысы» білім беру бағдарламасының студенттерінен құралған топ қатысқан болатын.

Аталған доданың 1/4 финалдық кезеңіне еліміздің түкпір-түкпірінен 20 команда қатысып, бақ сынасты. Сахналық шеберлік пен ұйымшылдықтың нәтижесінде университет командасы А тобы бойынша 1-ші орынды иеленіп, жарыстың келесі кезеңіне өтті.

Жеңісті қанжығасына байлаған команда құрамында 4-курс студенттері Кәрібай Дильназ (команда капитаны), Маханбеткулова Аяжан, Әубәкір Бану және Абдиманапова Шырайлым өнер көрсетті.

