Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Филология институты «Филология» білім беру бағдарламасының 3 курс студенті Жеңісова Аружан Жеңісқызы республикалық деңгейде ұйымдастырылған студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары (СҒЗЖ) конкурсында ІІ орын иеленді. Жетекшісі – филология ғылымдарының кандидаты, профессор м.а. Абдирасилова Гүлмира Қалыбайқызы.

Аружанның «Әлеуметтік желілердегі сөз манипуляциясы» атты ғылыми-зерттеу жұмысы қазіргі заман талабына сай, тілдік және әлеуметтік тұрғыдан өзекті тақырыпты қамтуымен ерекшеленеді. Байқауға ұсынылған 11 ғылыми жұмыстың арасынан суырылып шыққан бұл еңбек – болашақ жас зерттеушінің әлеуетін танытты.

Жұмыста қазіргі қоғамдағы коммуникация процесінде жиі кездесетін сөз манипуляциясы, кибербуллинг мәселелері мен олардың тілдік ерекшеліктері, коммуникативтік стратегиялар мен тактикалар жан-жақты талданған.

Бұл жетістік – университетіміздегі сапалы білім берудің, студенттеріміздің ғылыми ізденіске деген ынтасының айғағы.

QyzPU ұжымы студентімізді және ғылыми жетекшісін шын жүректен құттықтайды! Алдағы ғылыми жолда шығармашылық табыс, жаңа жетістіктер мен биік белестер тілейміз!